Самидосова Марзия Аяғанқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі.
Сынып: 3
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ақыл мен Бақыт
Мақсаты: ертегінің мазмұнын баяндай отырып, бақыттың көзі ақыл екендігіне оқушының ойын жеткізу.Оқушылардың қиялын ертегіні талдау,салыстыру,болжау жасау арқылы дамыту,бірлесіп жұмыс жасай отырып,оқушының өз пікірін білдіруге,өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу, парасатты,сауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мәтіннің мағынасын біледі.Топта өзгенің пікірімен санасады.
Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау
уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
3 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Нұрын шашып жарығы мен мейірімін, Көркін ашар мына әсем даланың
М: Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап - Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы, Кім дейміз?
-Кітап, дәптер қаламы Кір шалмаған баланы, Кім дейміз?
-Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы, Кім дейміз? |
Амандасады
-Әдепті екен бұл дейміз!
-Ұқыпты екен бұл дейміз!
-Үлгілі екен бұл дейміз!
|
5 мин
3 мин |
Иә,балалар біз не туралы айттық? О: Адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы айттық. -Осындай қасиеттерді айтып жіберіңдерші.
- Соның ішінен тек жақсы қасиеттерді ата. -Біз осындай қасиеттерге ұмтыламыз ба?
- Олай болса осы жақсы қасиеттер арқылы 2 топқа бөлінеміз: мейірімді, парасатты. Бүгінгі топ жұмысын өзім бағалап отырамын. Әр топтың дұрыс жауабына жүрекшелерді беремін. 1.«Миға шабуыл» Үй тапсырмасын сұрау. |
Оқушылар адамның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айтады
Үлкендерді сыйлау, көмектесу, жаман сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, кішкентайларды ренжітпеу, адал, әділ, мейірімді, парасатты, ақылды, инабатты болу
Оқушылар топөа бөлінеді |
6 мин
2 мин
10 мин
7 мин
3 мин
2 мин
2 мин
2 мин |
2. «Ой қозғау». Балалар, бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар жасаймыз 1 тапсырма: «Шығармашылыққа баулу» Екі топқа екі сурет таратамын, сол сурет бойынша қысқаша әңгіме құрау. 2. «Мағынаны тану». Мәтіннің мазмұнын ашу. Балалар, бүгін біздің сабағымызыға қонақтар келіп отыр, олар кім дейсіңдер ғой, онда мына бейнетаспаға назар аударыңдар. Сол жолға шыққан Ақыл мен Бақыт бізге келіп жетті Шатасқан сөздерді дұрыс етіп нақыл сөз құрастыр.
- Мақалдарыңның бірінші сөзі неден басталады? Яғни біздің де бүгінгі тақырыбымыз «Ақыл мен Бақыт» - Үй тапсырмасына «озық оқыту» әдісі бойынша мәтінді түгел оқып келу тапсырылды. «Топпен ойлан, бөліс» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінді 2-ге бөліп, әр топ өз пікірлерін топта талқылап, ортақ ойларымен бөліседі. Әр топ оқығанын қысқаша айтады. Ертегінің мазмұны арқылы театрланған көрініс қою.(ұжымдық жұмыс)
Дәптермен жұмыс. Сөздік.
2 тапсырма. «Адамның көркі – ақыл» (барлық топтарға) Сұрақтармен жұмыс. -Ақыл мен Бақыт неге дауласты? -Бақыт қандай балаға барып қонды? -Бақытты,бірақ ақымақ бала қандай болды? -Баланың әкесі патшаның алдында бірінші рет неге ұялды? - Баланың әкесі патшаның алдына екінші рет барғанда неге тағы ұялды? -Бақыт балаға қандай жақсылық жасады?
- Осы ертегіден не түйдіңдер? - Ал, балалар жаңағы бейнефильм немен аяқталды деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті. Ойын жаттығу 3 тапсырма Ақылды адам қандай болады? Кластер құру. 4 тапсырма. «Жүректен жүрекке» - Балалар, біздің мектепте Ақыл, Бақыт періштелері бар екен. Олар бізге көрінбейді. Ол сендерді күнделікті сырттарыңнан бақылап жақсы істеріңе риза болып жүреді. Мына қорапшаны бізге сол періштелер беріп жіберіпті. Ішінде жүрек бар екен. (Оқушыларға бір-бір жүректен таратып беру) Жүректің үлкен қасиеті бар. Ол өзі кішкентай болса да, қуаныш, бақыт, мейірім, сабыр, достық сияқты сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді. - Қане, қолдарымызды жүрегіміздің тұсына қойып, жүрек қағысын байқайық. - Егер біз бақыттан қуансақ, немесе ашулансақ, жүрегіміз қалай қағады деп ойлайсыңдар? - Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп, ал бақытты болып, қуанғанда күлімдеп ерекше бір сүйкімді күйде болады екен. Көңіл күйіміз арқылы жүрегіміздің соғуы да өзгеріп тұрады екен. - Ендеше үлкен өмірімізде ақыл мен бақыт бізбен бірге болсын. - Ақылды болыңдар!. - Бақытты болыңдар! Қорытынды. Бақытты өмір сүру үшін не қажетті деп ойлайсыңдар? “Бақыт” ережесін құрастырайық.”Жылы лебіз” аукционы. Рефлексия. Оқушылар өздерін бағалайды. 1.Бүгінгі сабаққа белсенді қатыстым/ белсенділік танытпадым. 2.Бүгінгі сабақ маған ұнады/ ұнамады 3.Менің көңіл-күйім жоғары/төмен болды. аяқтағым келіп тұр. Үйге тапсырма. Ертегіні тағы да оқып, сурет салу. |
Әңгіме құрау
Топтар бір-бірін бағалайды
1 топ Ақыл азбайды, Әділдік тозбайды, 2 топ Бақыт — қолға қонған құс. Байлық — қолға ұстаған мұз.
Ақыл және бақыт
Көзайымына айналу – қуанышы болу
Оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді
Оқушылармен қол ұстасып,
мұғалмның өзі бастайды. «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені болмашыға ренжімеймін», т.б.
(стикерлерге тілектерін жазып, ағашқа жабыстырады)
сабаққа деген ойын білдіру
үй тапсырмасын күнделікке жазып алу
|
сабақтың презентациясын жүктей аласыз /akyl_bakyt.ppt
Хабибуллина Миляуша Мерсалинқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі.
Қазақ тілі. 3 «А» сынып. |
|||
Тақырыбы:Негізгі және туынды сын есім. |
|||
Көрнекілігі: интерактивті тақта, маркерлер, А-4 парақтары, ойыншықтар |
|||
Жалпы мақсат: сын есім туралы алған білімдерін тиянақтай отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. |
|||
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Бір-біріне жақсы тілектер айту. Стикерлер арқылы топқа бөлу. |
|||
|
|
||
Сабақ кезеңдері. |
түрткі |
талап |
Нәтиже |
Білу.Негізгі, туынды сын есім туралы білімдерін қалыптастыру. |
Негізгі , туынды сын есім дегеніміз не?
|
Үй тапсырмасын бекіту.Аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршіне айтып бер. |
«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын еркін білдіреді
|
Түсіну. Сын есімнің түрлерімен таныса отырып, негізгі және туынды сын есімді ажырата білуге, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту |
Сипаттау үшін қай сөз табының сөздерін пайдаландың?
|
"Ойлан, тап" ойыны. Берілген заттың атын атамай, мағынасын түсіндіреді.Мысалы, Оның ұзын құлағы, қысқа құйрығы және жылы жүні бар.Жазда жүні сұр, қыста ақ болады.( Қоян)
|
Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау |
Қолдану. Жаттығулардан сын есімді тауып, өз ойларын дәлелдеуге дағдыланадыру |
Неліктен олай ойлайсың? |
Оқулықтағы жаттығуды оқы.Негізгі, туынды сын есімдерді теріп жаз. |
Өз пікірімен өзгелермен бөліседі, өзгені тыңдауға үйренеді |
Талдау.негізгі және туынды сын есімді ажырата білуге, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту |
Берілген негізгі және туынды сын есімдерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тап. |
Венн диаграммасын сызып,негізгі және туынды сын есімдерді салыстыр. |
Талдап, салыстыру арқылы жұмыс жасайды. |
Жинақтау. Проблеманы шешу үшін өз ойын жүйелі түрде жеткізуге сөздік қорларын кеңейтуге мүмкіндік беру. |
Осы хабарландыруды сен басқаша қалай жазар едің? |
Сын есімдерді қолдана отырып Айжанға хабарландыру жазуға көмектес. ( жеке жұмыс) |
Оқушылардың бойындағы өзіне деген сенімділігін арттыру. Бірін –бірі тыңдай отырып, ой түюге дағдылануы |
Бағалау.Оқушылардың сабақ туралы пікірлерін айқындау. |
Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақта қандай қиындықтар болды? |
Кері байланыс парақшаларға жазу. |
|
Тенсел Манар
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі: 20 жыл
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары. Осы шақ.
Сабақтың жалпы мақсаты:
Етістік бойынша алған білімдерін нығайту,тиянақтау,бір жүйеге келтіріп пысықтау,білім дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың алған білімдерін саралау.Сөйлем ішінен етістікті тауып,сұрақ қоюға үйрету етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.Жан – жақты дамуға, адамгершілікке, бірлікке баулу. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту.
Міндеттер:
1.топпен жұмыс істеу дағдарысын дамыту,өз ойын тиянақты жеткізуін
қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу,ойлау, пайымдау қабілеттерін
дамыту, ой ұшқырлығына баулу.
2.Пәнге қызығушылықтарын ертегілер арқылы арттыру.Логикалық
ойлауын дамыту.
3.Оқушыларды ізеттілікке,достыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы топпен жұмыс істеу арқылы
қайталау тақырыбын тереңдете меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар:
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау
Күтілетін нәтиже:
1.Оқушылардың қайталау материалын қабылдауға басшылық ету;
2.Оқушының санасында білімнің қорытылып, жаңа териялық ақпарат
беру тұжырымдардың қалыптасу процесіне басшылық ету;
3.Берілген білімді бекітуге басшылық ету,білімді практикада қолдануға басшылық ету,оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқу нәтижесі: Бірлескен жұмысқа, топ арасындағы ынтымақтастыққа, ұхымдық жауапкершілікке үйренеді;
Модуль:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер мен стратегиялар:
«Серпілген сауалдар» стратегиясы,
«Ала доп әдісі бойынша» стратегиясы,
Рефлексия:
Оқушының көзқарасын анықтау мақсатында кесте толтыру,
Өзара бағалау кестесін толтыру.,
Сабақтың ресурстары: кестелер, сурет, ребус, постер, стикер,
бағалау парақшалары, компьютер.
Сабақтың түрі: Кембридж бағдарламасы бойынша дайындалған заманауи, аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі
бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.
2.Психологиялық дайындық. (ертегілер туралы бастап әңгімелесу, топқа бөлу)
Топтың ережесі:
n Белсенді қатысу
n Тыныштық сақтау
n Бірін-бірі тыңдау
n Ойын ашық айту
n Бір-бірін сынамау
n Ынтымақтастық
І. Қызығушылығын ояту Слайд1
Мұғалім: Қадір Мырзалиевтың өлеңімен бастау мұғалім мәнерлеп оқу
Поэзия минуты:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
3. Ойын «Қай топ жылдам?» ребус шешу. Ребус арқылы өткен материалды қайталау.
№ |
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Модульдер |
1. |
Поэзия минуты. |
Тақтада тұрған өлеңді оқытады |
Тақтадағы сөздерді оқиды, бір-біріне күлімсіреп қарайды. |
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер |
2 |
Өткен материалды тексеру /үй жұмысы/ «Қай топ жылдам?» ойыны |
Оқушыларды ойынның шартымен таныстырады. Жауаптардың дұрыс болуын қадағалайды. Етістіктің шақтарына тоқталып өту. |
Ребус шешеді, сөзді оқиды |
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер СТО Дарынды және талантты б/ж |
3. |
Жаңа сабақ Тақырыпты ашуға арналған тапсырма «Миға шабуыл» |
«Серпілген сауалдар» стратегиясы бойынша жаңа сабаққа қадам басу |
сұрақтарға жауап береді |
СТО АКТ Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері Диологтік оқыту
|
3. |
“Санжұмбақ”тапсырма сы арқылы етістіктің осы шақ түрін анықтау (топпен жұмыс) |
Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты қандай білімдері бар, деңгейлік тапсырма беру |
Берілген тапсырманы орындайды |
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер СТО Дарынды және талантты б/ж Диалогт.оқыту |
4. |
Деңгейлік тапсырма орындау |
Тапсырмалар ды әр оқушының деңгейіне сай беру |
Жеке жұмыс |
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер СТО
|
5. |
Оқулықпен жұмыс 120 бет 4-жаттығу |
Жаттығу орындата отырып, осы шақ етістіктерді табады Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалайды |
120-бет 4-жаттығу. Осы шақтың түрлерін ажыратып, олардың жасалуын айтады, мысал келтіреді |
СТО Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
|
6. |
Сергіту сәті
|
|
Оқушылар биді орындайды |
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер |
7. |
Шығармашылық жұмыс Сүйікті ертегі кейіпкеріне арнап 5 жол өлең құрастыру |
Тапсырманың дұрыс орындалуына бағыт-бағдар береді |
Өлең құрастырады |
СТО АКТ Дарынды және талантты б/ж Жас ерекш. |
8. |
Сабақты қорыту. Семантикалық карта (жұппен) «Менің арманым» жоба қорғау. Жобада етістіктің шақтарын пайдалану
|
Бақылайды, бағыттайды |
Кестені толтырады
Жобаны қорғайды. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады. |
СТО |
9. |
Бағалау /бағалау парақшаларын жинап, критерий бойынша сумативті бағаны қою/ |
Алған ұпайларын қосып, сумативті бағаны қояды |
Алдарында жатқан парақтардағы ұпайларды есептейді |
Бағалау |
10. |
Рефлексия «аяқталмаған сөйлем» |
«Аяқталмаған сөйлемдері» бар карточкаларды беріп сабақтан қандай әсер алғандарын анықтайды. |
Сабақтан алған әсерлерін айтады. |
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері Диологтік оқыту |
11. |
Үй жұмысы Етістіктің шақтарын пайдаланып ертегі құрастырып келу |
Үй жұмысын түсіндіреді |
Күнделікке жазып алады. |
|
Кабдрахметова Зура Искаковна
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтыңтақырыбы: 4 санын қосу және азайтуды қайталау
Сабақтыңмақсаты: 4санын қосу және азайту жайында түсініктерін бекіту.
1. Мазмұнына байланысты: Қосындының және айырманың мәнін тапқанда 4+4 жағдайын қолдану білігін тиянақтау.
2. Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылардың математикалық білік дағдысы қалыптасып, қосу және азайтудың өзара байланысынережементұжырымдау.
3. Топпенжұмыс: Математика пәнінеқызығушылықтарыартып, тез есептеудағдыларыжетілдіру;
Сабақтыңкөрнекілігі: Слайд көрнекілігі, математикалыққызықтыесептер,
Ойынтапсырмалар;
Оқытуәдісі: Сын тұрғысынанойлаудыдамыту
Сабақтыңтүрі: қайталаусабақ.
Сабақтыңмазмұны.
І. Қызығушылықтыояту:
а) Шаттық шеңбері:ұқыпты,тәртіпті,ақылды,білімді,5-ке оқитын.жақсы,мейірімді,кішіпейіл(жәшікке салу)
Балалар,сендерертегініжақсыкөресіңдерме?-Иә
Бізертегініоқығанды,әсіресетыңдағандыжақсыкөреміз.Олайболсабалаларқазірсендер"Мақтақыз бен мысық"ертегісін тамашалайсыңдар.
-Балаларертедегікейіпкерлерінсанайықшы. Мақтақыз,мысық,сиыр,ағаш,қыздар,сатушы,тауық,тышқан. 8-сегіз
Сендергежаңабірінші,екінші, үшінші,төртінші,бесінші, алтыншы,жетінші, сегіншідегенсөздеркездесті.Бұлсөздерқазақтіліндереттік сан есім болады.4-ші тоқсандақазақтілінде сан есімдіөткендетанысасыңдар.
Мақтақыз:Балалар,мысықменіңсүтімдітөгіптастады,менқұйрығынкесіпалдым.Сендергетапсырмаәкелдім,мысыққаоқыпберіпкөмектесіңдерші
1-тапсырма.
Балаларалдарыңдажатқанкарточкалардыоқимыз 4+4 5+4 6+4 7+4 8+4 1топқаберу,4-4, 5-4 6-4 7-4 8-4 9-4 10-4 11-4 2топқа беру (сандарды4-қосу,азайту,өрнек,кестелік қосу мен азайту)
Бүгінгібіздіңсабағымыздыңтақырыбы 4санын қосудыжәне 4санын азайтудықайталаймыз.АлМақтақыз 4санын қосу мен азайтудықаншалықтыбілетіндеріңдіанықтапМысыққақалайкөмектескендеріңдіқарамақшы.
2.Терезені аш:Тақтада.
4+4= 5+4= 6+4=
-4= -4= -4=
3.Қатесін тап жәнетүзет:
6-4=3 4+4=7 8-4=5 6+4=9
10-4=5 5-4=2 0+4=0 4-3=2
4Есептішығар:Топтықжұмыс.
Алдар Көседүкеннен 9 малақайсатыпалды.ШықбермесШығайбайға 4малақайдыберді. АлдарКөседенешемалақайқалды?
Алдаркөседе9малақай,алШықбермесШығайбайодан 5малақай кем сатыпалды.ШықбепмесШығайбайданешемалақайболды?
5.Салыстыр:Өздікжұмысы.
2+4*6-1 3+5*10-2 4-1*2+3
5+1*9-2 4+3*9-3 8-0*1+7
6.Кім жылдам? Топтықжұмыс
5+4-1+2-6=
10-4+3-2+1-5=
6+3-5+1-2+3=
7.Амалдар таңбаларынқой:Ойлан тап.
5 4 3 2 1=
Сабақтықорытындылау:басындабергенкарточкалармен жұмыс