Алимова Гүлзат Нұрбекқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: өзін – өзі тану
Сыныбы: 5 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады.
Мақсаты: оқушылардың «еңбек», «білім» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
-еңбекке қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: оқулық, презентация.
Табыс критериі:
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндім;
Еңбек жасау арқылы өз -өзімді дамыттым, еңбекке қызығушылығым артты;
Жалқаулықты артқа қалдырып, еңбектену менің ісім;
Шаттық шеңбері:
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір –біріне тілектер тілейді.(Тілек айту барысында қолдары айқастырылып, келген қонақ мұғалімдермен амандасады.)
Топқа бөлу: (Кәмпиттермен бөлу)
Топ ережесімен таныстыру: (5Т- тәртіп, тазалық, талап, татулық, тыныштық,)
Құрметті оқушылар бүгінгі менің сендерге дайындап әкелген сабағымның тақырыбын ұмытып қалдым. Себебін білгілерің келсе айтайын: Осы апталыққа Гарри Поттердің келгенін білесіңдер. Сонымен қатар Гарри Поттердің қас жауы Драко Малфой бүгінгі сабағымның барлығын құпиялы суреттермен жасырап тастапты. Соны сендердің көмегімен шешсем деймін. Сендер көмектесесіңдер ме?
Олай болса бүгінгі сабағымыздың алғашқы тапсырмасы ребус шешу.
Адам еңбекпен шындалады- шығады. Бұл біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болмақ. Тақырыпты білеміз , әрі қарай сабақ бастауға еш кедергі жоқ деп ойлаймын.
Тыныштық сәті:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.
- Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
- Біраз қиялға шомыламыз. Сендер өздеріңді жерге себілген дән деп елестетіңдер. Ал дәннің жақсы өсіп жетілуіне, жеміс беруіне жаңбыр қажет және мол еңбек, күтім керек. Ол үшін жерді қопсытып, баптап күту керек. Сонымен қатар бар ыңтаңмен, мейіріммен еңбектену керексіңдер. Жылы жүректеріңді мейірімге толтырып, сыныпқа оралыңдар. Көздеріңді ақырындап ашамыз. Ал балалар не елестеттіңдер? (Сұрақ -жауап)
Ашық аспан аясы: Оқушылар мана сендер өздеріңді жаңбырдың тамшысы деп елестетіңдер, ал енді алдарыңыздағы тамшыға нақыл сөздер, мақал- мәтелдер білсеңдер соны жазып, тақтаға бұлттың астына іліңіздер.
Еңбегі жоққа- бақыт жоқ деп жақсы айттыңдар, кім маған түсіндіріп береді осы дәйек сөзді.
Оқулықпен жұмыс: Еңбек жемісі
Әкесі 6 гектар егіс жер алған. Сол-ақ екен қауырт жұмыс басталады да кетті. –
Тұр балам, көктемнің әрбір күні жылға азық- дейді әкесі.
Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі. Олар сәбіз, картоп, жуа, жүгері, қауын, қарбыз егеді. Асан жазғы каникулын егін басында өткізді.
Биыл өнім жаман болмас - , деді әкесі, жайқалған көкөністерге көз салып қойып, - еңбек етсең, Жер –ана да иіп сала береді-, дейді. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар теңкейіп көздің жауын алады.Сауда бақшалықта –ақ қызды. Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке-шешесіне көмек беруі керек. Өзімен бірге оқитын Айкүміс екеуі бірге отырып қауын жеді.
Қауынның не деген тәтті!- деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Егін
басында сауда қызып, қауын-қарбызды көлікпен келіп, тиеп, әкетіп жатты. Әкесі бүгін өте көңілді.
Ертең менімен бірге жүріңдер- деді үш ұлына. Базарға апарып не керек болса соны алып береді. Балалар мәз болады.
Жаз бойғы еңбектеріңнің жемісі ғой- деп күлді әкесі.
Сұрақ- жауап:
1.Еңбек барысында балалардың қандай қасеттерін
байқадыңдар?
2.Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
3.«Еңбек», «Еңбексүйгіштік» деген ұғымды қалай түсінесіңдер ?
4.Қандай адамды «еңбекқор» дейміз?
Сергіту сәті: «Қарлығаш биі»
Шығармашылық тапсырма:
І топ: Үйдің суреті (Ірге тасы мықты болу үшін не істейсің?)
ІІ топ: Гүлдің суреті (Гүлдің жақсы өсіп жетілуіне не қажет?)
Сахналау: «Анасы мен баласы» видео ролик көрсетіледі.
Пікір алмастыру: Жалқаулыққа жол жоқ!
Дәйек сөз: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап»
Абай Құнанбаев.
Топпен жұмыс: «Еңбек бәрін жеңбек» эссе жазу
Жеке жұмыс: “Аяқталмаған сөйлем” жаттығу
1-топ. Еңбексүйгіштік дегеніміз .....
2- топ. Еңбек маған ......
Оқушылар сөзі:
- Білім терең теңіз бе?
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым-
Осы екеуі деңіз де,-
Дейді атам,- білімді
Еңбекпенен сен ізде! –біздің шағын бейне ролигімізді көріңіздер.
Жылы лебіз. Оқушылар допты бір-біріне лақтыру арқылы, еңбекке байланысты жылы тілектер айтады.
Мысалы: *Адал бол
*Еңбекқор бол
Ер дәулеті – еңбек
Еңбексіз іс бітпейді.
Еріншектің қолы жетпейді.
Ердің атын еңбек шығарар.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Жүректен-жүрекке
Ағынан жарылған тілектер,
Жетеді жүректен –жүрекке.
Бұл пәнді оқысаң мән беріп,
Қаласың бір уақыт серпіліп.
Оқуды тереңнен ойлайсың,
Бір сәтке тынығып ойнайсың,
Әсерлі әуенге беріліп,
Өткенді қиялмен шарлаймыз
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:
- Бір –бірімізді қолдай білейік
- Деніміз сау болсын.
Ән: «Болайықшы осындай» бәріміз бірге.
/08-detskie-bolajykshy_osyndaj.mp3