Суббота, 14.06.2025, 06:09
Қош келдіңіз Гость | RSS
Маған ұнайды
Вход на сайт
Іздеу
Күнтізбе
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Бізден сұрақ
Сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 16
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сәлеметсіздер ме. Мектеп сайтына қош келдіңіздер!

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі

Технология

Алимова Гүлзат Нұрбекқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

Технология пәні мұғалімі.

Күн: 28.02.2015

Пән: Технология

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:Асханалық алжапқыш пішу және тігу

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды алжапқыштың түрлерімен, шығу тарихымен  таныстыру. Алжапқышқа мата таңдауды, алжапқыш эскиздерін салып, киімді сипаттауды үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;

Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Алжапқыштың бөлшектері, мата, кестелер, алжапқыштың түрлері, алжапқыштың бөлшектері, алжапқыштың үлгісі, үтік.

Пән аралық байланыс: математика, сызу,

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері арқылы оқушылардың көңіл- күйлерін көтеру, сабаққа бар ынтасымен жұмыс жасауға жағдай жасау.

Өткен сабақты пысықтау. Көрме ұйымдастыру.(Әр сабақта тігілген бұйымдар бойынша, оқушылардың қолымен жасалған бұйымдарды көрмеге қою)

Топ ережесін сақтау. Әр топ басқа топтың жауабын тыңдау.

 

Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздермен ойын ойнасам деймін. Қалай қарайсыңдар?

Ойын. «Білгіштер бекеті»

Ойынның шартымен таныстырайын.  Екі топ кезектесіп жауап береді, әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Егер кімнің тобы жеңсе сол топ бүгінгі сабақта жеңімпаз атанады. Ал, іске сәт!

 

Сұрақ- жауап.

1.Киімдер пайдалануына қарай қалай жіктеледі ? ( Тұрмыстық, өндірістік,

формалық болып жіктеледі.)

2.Алжапқыш киімнің қай түрііне жатады ?

(Өндірістік, санитарлық түріне жатады. )

3.Алжапқыш не үшін қажет ? ( Алжапқыш киімнің алдын ластанудан

сақтайды,әрі ас ас әзірлегенде, санитарлық гигиеналық талаптарды

сақтау үшін қажет.

4. Алжапқышты қандай маталардан тігеміз ? ( Мақта ,зығыр маталардан

тігеміз)

 

5.Алжапқышқа арналған мата қандай болу керек? (Слайд 6)

 

6. Алжапқыштың қандай түрлері болады? (Кеудемен , кеудесіз) (7слайд бейне баян)

 

   Асханалық алжапқыштың сызбасы. (тақтада сызбасы сантиметрмен өлшенген)

Техникалық қауіпсіздік ережесі.

Тапсырмалар

1.Асханалық алжапқыштың сызбасын қағаз бетіне түсіру

2. Қиып алынған өнімді мата бетіне түсіру

Сергіту сәті

3. Тігіс түрлері

 

Алжапқыштың төменгі бөлшегін өңдеу.

1.Алжапқыштың төменгі бөлшегінің формасы қандай?

тік төртбұрыш, трапеция

2.Жұмысты өңдеу жүйесі :

1.Бүйір жақтарын 0.5 мм бүгіп,одан кейін тағы 1 см бүгіп, көктеп қою.

2.Берілген қиықтың шетінен 0.1-0.2 мм қайып тігу, тігісті бас жағынан және соңынан іліп бекіту.

3.Көктелген қабуларды алып тастау.

4.Бүйір жақтарын үтіктеу.

5.Төменгі қиықты 0,5мм бүгу, содан кейін белгіленген сызық бойынша

2см бүгіп көктеп қою.

6. Төменгі жағын бүгілген қиықтан 0.1-0.2мм қайып тігу. Алжапқыштың

төменгі бұрыштары мен тігістерін бекіту.

7. Көктелген қабуларды алып тастау.

8.Алжапқыштың төменгі жағын үтіктеу.

 

Тексеріңдер:

1.Бүйір жақтарындағы тігістердің ені бірдей.

2.Машинамен тігудің ұқыптылығы.

3. Үтіктеу сапасы.

 

 

Жұмыстарын топпен тексеру.

 

ҚОРТЫНДЫ. «Инцерт картасы»

1Бүгіргі сабақта не істедік ?

2Қандай тігіс қолдандық ?

3Тігісті қалай өңдедік ?

Бағалау: Жақсы жұмыс жасаған балаларды бағалау

Үй жұмысы: Дайын алжапқышқа кестелеп қалта тігу.

 

Конструктор сайтовuCoz