Суббота, 14.06.2025, 06:01
Қош келдіңіз Гость | RSS
Маған ұнайды
Вход на сайт
Іздеу
Күнтізбе
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Бізден сұрақ
Сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 16
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сәлеметсіздер ме. Мектеп сайтына қош келдіңіздер!

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі

IT кабинет

Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Нұрбеков Азамат Жомартұлы.

 

Болашаққа бастар жол!

Елбасының Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде IT кабинеті ашылды. IT кабинетін ашу рәсіміне аудан басшылары, кабинетке демеушілік жасаған «Айдала» ЖШС-нің басшысы, білім бөлімінің басшылары, мектеп басшысы, мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.

IT кабинет заманауи 5 моноблок, жоғары жылдамдықтағы интернет, робототехника жиынтықтары, 2 робот және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Мұнда сабақ еуропалық STEM әдісі бойынша жүргізіледі. Енді оқушылар қарапайым алгоритмдер құрумен қатар, бағдарламалар тізімін, ойындар бағдарламаларын жасап шығара алады. Алдағы уақытта оқушылар инженерия, робототехника, программалау секілді бағыттар бойынша білім алатын болады. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға қатысуға да мүмкіндік алады.

Елбасы ұсынған “Цифрлық Қазақстан” – цифрлық технологияны меңгеру ғана емес, жаңа заманға бейімделу. Елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін қолға алынған бағдарлама қоғамнан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Ол үшін оқушылардың ІТ-сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды күнделікті өмірде кеңінен қолдану міндеті тұр. Алдағы уақытта біз де осы міндеттің үдесінен шығамыз деген бек сенімдеміз.

Конструктор сайтовuCoz