Түлектермен кездесу кеші
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінде мектеп бітіріп кеткен түлектермен кездесу кеші болып өтті. Бұл күні мектебімізге бұрын осы мектепте жұмыс атқарған Айғаным Ғабдолқызы, Алима Жұмабековна, Марзия Аягановна сияқты ұстаздарымыз да келді. Кездесуге келген түлектерді, ұстаздарды мектеп оқушылары мен ұстаздары ыстық ықыласпен қарсы алды. Мектеп кезіндегі қызықты естеліктерді еске алдыру мақсатында түлектер сабақ кестесі бойынша сабақтарға қатысты. Алтын ұя мектебі әр адамға ыстық қой. «Кеше ғана бала едің, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырған білім нәрімен сусындаған шәкірттеріміз бүгін Қазақстан Республикасының үлкен азаматтары болып жетілгенін бүгінгі күнгі түлектеріміздің бойынан көруге болады. Түлектеріміз мектебіміз ішіндегі өзгерістерді, жаңалықтарды байқап, өздері оқыған кездегі қызықтарын айта отырды. Көтеріңкі көңіл - күймен болған қызықты жағдайларды еске алып, әсерлі де тартымды әңгімелерімен бөлісіп, кеш барысындағы мерекелік концерт пен түрлі қызықты ойындарға қатысты.
Кеш соңында қонақ болып келген ұстаздар мен түлектер мектеп оқушыларына алдағы уақытта үлкен азамат болып жетіліп, Қазақстан Республикасының беделді, білімді, саналы азаматы және аялап өсірген ата – аналарының сенімін ақтайтын перзент болып жетілулеріне тілектерін білдірді.
Мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушыларына тартымды кездесу ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыстарын айтты.
Арайлым Ахметжанова
Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі
тәрбие ісінің орынбасары
Алтынсарин ауданы