Четверг, 19.06.2025, 19:19
Қош келдіңіз Гость | RSS
Маған ұнайды
Вход на сайт
Іздеу
Күнтізбе
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Бізден сұрақ
Сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 16
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Сәлеметсіздер ме. Мектеп сайтына қош келдіңіздер!

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі

Ғылыми жұмыс

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің мектеп жанындағы интернатымен Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Компьютерлер біздің өмірімізден нықтап орын алды. Олар кардиналдық әлемді және адамның мүмкіндіктерін ауыстырды. Бірақ компьютердің пайдасы және зияны туралы пікір-таластар әлі күнге дейін бітпей тұр.

Бір жақтан компьютер бірталай адамның өмірлерін жеңілдетті. Айрықша студент және оқушылардың, қысқа мерзімге табу болады курстық немесе реферат немесе тап- керек ақпаратты. Интернетте тежеусіз мүмкіндіктер имеет. Медиктер компьютерлерді бойдың диагностикасы үшін пайдаланады. Үшін сәнгердің, дизайнерлердің және сәулетшілердің компьютер алып көкжиектерді ашты. Өндірісте компьютерлер сырттың машиналарының басқарады. Бүгін адам жайдан-жай бейтарап байқаушы.Ақырын-ақырын біз туралы спортты және дене тәрбиесін ұмытамыз. Бүгінгі ғылыми жұмысымда мен компьютердің адам өміріндегі рөлін зерттеуге тырысамын.

 

 

МАЗМҰНЫ:

1.     Кіріспе

2.     Компьютер

3.     Компьютердің пайдасы

4.     Компьютер зияны

5.     Компьютер және денсаулық

6.     Компьютерге тәуелділіктің симптомдары

7.     Әлеуметтік желілер

8.     Қорытынды

 

 

Компьютер (ағылшын тілінен аударғанда computer — «есептегіш» деген мағынаны білдіреді), ЭЕМ,яғни электрондық есептеуіш машина — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

 

Компьютер пайдасы

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттықпроцестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез-келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керекті ғаламтор мәліметі арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Мұның өзі адамзат үшін үлкен жетістік болып табылады. Осы ақылды көк жәшіктің балалар денсаулығына зияны туралы дәрігерлер не дейді? Дәрігерлер «баланың ұзақ уақыт қозғалмай, компьютердің алдында отыруы, ой-өрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады» - дейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ойы тежеледі. Дәрігер қауымы «ақылды» жәшіктің жас балаға кері әсерін былайша жіктейді...

 

Біз оған тәуелді болып алғанымыз соншалық, ол істен шықса немесе электр жарығы сөнсе, жұмыс түгел тоқтайды. Ал ғаламтор жөніндегі әңгіме мүлдем бөлек. Ғаламтор – бүкіл әлемдегі миллионда­ған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі. Ол арқылы алыс­ты жақындатып, әлемде болып жатырған соңғы жа­ңалықтардан сол сәтте хабардар болып отырамыз. Сонымен қатар жасөспірімнің де жан-жақты болып же­тілуіне осы ғаламтордың көмегі зор. Ауылдық жердегі мектеп жасындағы ба­лалардың өзі ата-бабаларымыз секілді ат құлағында ойнамаса да, компьютер пернетақтасын жақсы меңгерген. Осы­ның өзі заман ағымына ілесу емес пе?!

 

Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. 
Жақында Ресейлік бір телебағдарламада мынандай қанқұйлы оқиғаны көрсетті. 12 жасар бала үйіндегі компьютермен түрлі қанқұйлы атыс-шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан шықпай қояды. Бұған ыза болып ашуланған әкесі пышақ алып компьютердің желілерін кесіп-кесіп тастап, пышағын столдың үстіне қойып, өзі төргі үйдегі диванның үстіне демалып отырса, ұлы жаңағы пышақты алып, жүгіріп келіп, бейне ата-жауын көргендей әкесінің тура жүрегіне пышақты қадаған. Әкесі сол жерде жан тапсырған. Жақын көршілерімізде болып жатқан осындай келеңсіз жағдайлар, бірде болмаса бірде бізде де орын алмасына кім кепіл? Сондықтан, балаңызды қанша жақсы көріп тұрсаңыз да, компьютерге көп үйір қылмаған абзал. Оның орнына таза ауада көбірек ойнатқанның пайдасы зор болмақ. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық-зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке-жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады.

Мамандардың пікірінше, компьютер – бала­лар үйренуге міндетті заманауи байланыс құра­лы. Компьютер баланы анализ жасап, стратегия­лық түрде ойлануға, өзінің іс-қимы­лын алдын ала есептеп, әрекет жасауға үй­ре­теді. Сонымен қатар компьютердің көмегімен бала ақпарат іздеуге, ең бастысы, бірдеңені құ­растыруға, жа­сауға бейімделеді. Мұның сыртында компьютер бала қолының икем­ділігін арттырады. Саусақ­тардағы нақты бір нүктелерді баса отырып, бел­гілі бір органдарға оң ықпал етуге болады. Алай­да бес жасқа дейінгі балалардың компью­терге әуес бол­мағаны жақсы. Өйткені олардың көру органы жан-жақты жетілмегендіктен, әр­түр­лі зиянды сыртқы әсерлерге мейлінше сезім­тал болып келеді. 

Жалпы алғанда, компьютер баланың еп­ті­лігі мен тапқырлығын ұштайды, құрбы-құр­даста­ры­мен араласу мүмкіндігін ұлғайтады. Компьютер­мен әуестенген баланың алдынан қызық та таңғажайып әлемге жол ашылады

Зияны

 

Компьютердің адам денсаулығына ти­гізетін зиян-залалы жетерлік. Тәулігіне сегіз сағат мо­ниторға телміріп, жұмыс­та отырған үлкен адамды айтпағанның өзінде, бесіктен белі шықпай жатып сол экранға үңіліп отырған баланың саулы­ғы не болмақ? Дәрігерлердің айтуы бо­йынша компьютерді ұзақ пайдаланған адамның дене сымбаты бұзылады, со­ның салдарынан скалиоз ауруы қалып­тасады, көздің көру, құлақтың есту қабі­леттері төмендейді, сау­сақ ұштарына перне­тақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауы­ра бастайды, компью­тер алдында ұзақ отырудан бел омыртқа­ға көп күш тү­седі де, омыртқа сақиналары қалыптасқан үл­гіден өз­геріске ұшырай­ды. Бұ­ған қоса компьютерге тым үйір болу жүйке жүйесінің бұ­зылуына да әсер ететін көрінеді. Ал компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға-тұйық күн кешетін болады. Сонымен қатар өзіміз күнделікті естіп, көріп жүрген небір сұмдық жағдайларды да көбіне адам осы компьютер арқылы ғаламтордан алатын көрінеді. Ала таң­нан кешке дейін компьютерден қанды қырғын ойын ойнаған баладан қандай азамат өсетіні тағы белгісіз.

«Бір таяқтың екі ұшы» болатыны анық. Сондықтан жеткен жетістіктерімізді тек жақсы жағынан ғана .

Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында (“компьютер -көрермен синдромы” (CVS-Computer Vision Syndrome) дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың зиянды жақтарына тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар:
• компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру;
• монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері;
• көзге салмақ түсуі,
• шаршау;
• білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі;
• мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы.
Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады.
Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді.
Микрожарақаттану – бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде организмнің бiртiндеп тозуы. Организмде көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты кенеттен пайда болмайды. Сiз ауруды сезінбес бұрын, бiрнеше айлар өтеді. Ауру әртүрлi сезiледі : ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде сезіледі.
Барлық компьютер қолданушылар өз мәлiметiнiң резервтiк көшiрмелерiн сақтап отырады. Кейде компьютерлік вирустардың кесірінен сақталған мәліметтер жойылып та кетеді. Мұндай жағдай көп адамдарға қатты соққы болып тиеді. Қатты соққының әсерінен адамдар инфаркт алып қалатын жағдай да болады.
Шаң және компьютердегi кiр уақыт өте келе бiраз шоғырланады және де олар күрделi болады. Кiр болған жерде бактерия, шаң, микроб, шаң-тозаң кенелерi болады . Бұның барлығы әртүрлi ауруларды қоздырады.

Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің  жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен компьютер арқылы  көп достар таптым. ”

Жоғарыда аталып өткен оқиға компютерге  тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді.

 

Компьютер және деңсаулық


Демек, алдын алуға болады ма? (Немесе мен(Берікбол) не істеймін сол кезде?)

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

  1. Көздің көру қабілетін төмендетеді;
  2. Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
  3. Жүйкеге салмақ түсіреді;
  4. Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...

Дәрігерлермен психологтардың ұзақ уақыт жасаған зерттеулерімен оның қорытындысы компьютермен ұзақ уақыт жұмыс жасау, компьютерлік ойындарды мөлшерден тыс ұзақ уақыт ойнаудың балаларға төмендегідей зияны бар екендігін дәлелдеді.

 

Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді. Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық –зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу–ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Қазір болмағанмен де 10-15 жыл уақыттан кейін нашақорлыққа тәуелділік, темекіге тәуелділік, спирттік ішімдіктерге тәуелділік тәрізді әлеуметтік дерттердің қатарына компьютерге тәуелділік деген атау қосылып жатса еш қандай таңдануға болмайды .Сонымен бірге соңғы кезде ұялы телефон арқылы Mail agent жүйесімен тілдесу де оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Ал ұялы телефонды да пайдалану кез інде электромагниттік толқындардың өте зиянды әсері бар екендігіде дәлелденіп отыр.
 

Сондықтан да жоғарыда айтыл ған жағдайларды ескере келіп, баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.
- 4 жастан - 6 жасқа дейінгі баланы компьютерге мүлде үйретуге болмайды.
- бала 7-жасқа толғаннан кейін ғана аптасына 2 рет 10-минут қана компьютермен жұмыс жасағаны дұрыс .
- 1-4 сынып оқушылары тәулігіне 15-20 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулі гіне 20-25 минут, 9-11 сынып оқушылары 30 минуттан артық отырмауы керек.
-бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс.
-баланың ұйықтайтын бөлмесіне теледидарды да, компьютерді де мүлдем қоймаған дұрыс - компьютерді баланың көңілін көтеретін құрал ретінде пайдаланып, бөлменің төріне қойып үйдің ең маңызды құралына айналдырмаңыз.
- компьютермен жұмыс істегенде реттелетін кресло немесе орындықты қолданыңыз.
- егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз
- баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз.
Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес ,үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс .

 

Әсіресе компьютерде көп отыратындар: програмисттер, дизайнерлер, видео монтажерлер, 3d-аниматорлар, бухгалтерлер т.б. Кейбіреуіміз көп отыруға мәжбүрліміз, себебі ертеңгі табатын нанымыз. Бұл адамдарға келесі аурулармен ауруы мүмкін.
 

1.Көз ауруы (Катаракта,Глаукома)

2.Артық салмақ

3.Мойын аурулары(Хондроз және т.б аурулар) Компьютерде ұзақ уақыт бойы отырғанда иық пен еңсені тік ұстамау мен түзу отырмаудың соңы остеохондроз деген омыртқалық ауруға әкеп соғуы мүмкін.
 

Жоғарыда компьютерден адам организміне зиянды сәулелердің таралатындығын қысқаша айтып кеттік. Ол сәулелер көзге көрінбейді, қолмен ұсталынбайды … Экраны сұйық кристалды болып келетін мониторлардан бөлінетін сәулелер аз болғанымен, электр тогымен жұмыс жасайтындығы себебінен одан әлектромагниттік сәулелер бөлінеді. Бірақ одан қатты шошынудың қажетіжоқ. Себебі үйде тұратын тоңазытқыш пен үй ауасын тазартатын сорғыш құрылғылар да электромагниттік сәулелер бөліп шығарады.

Егер сіздің үйдегі компьютердің мониторы ескі үлгідегі, дөңес экранды болса, ондай мониторға балаларды жолайтпай-ақ қойғаныңыз жақсы. Ондай экранды мониторлардан зиянды сәулелер көп бөлінеді.

Компьютердегі ойындардың арасында балалардың психикасына кері әсер ететін ойындар бар. Жалпы, ойындарды мұқият қарап, сараптап шығу керек. Балаларға мазмұны өлім, атыс-шабыс, агрессия пен жаман қасиеттерді насихаттайтын немесе жаман әрекеттері бар ойындарды жас балаларға ойнатуға болмайды. Ондай ойындар балаларды мейірімді болуға, басқаларға қиянат жасауға үйретпейтіні айтпаса да түсінікті.

Виртуалды әлемде «өмір сүруге» үйренген балалардың психикасында ауытқулар болатынын шынайы өмірдегі әрекеттері мен қылықтарынан байқауға болады. Өзін шынайы өмірде де виртуалды әлемдегідей ұстауы әбден мүмкін.

 

 


Адам денесі - Адам денесінің азуы, не болмаса тым артық салмақ қосып толуы.

 

Қорғану

Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.

Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

Компьютерді дұрыс орналастыру
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары - төмен, оңға - солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
8. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда тұрған - тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.

 

Компьютерде жұмыс істеу үшін 14 кеңес:

1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.
2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.
3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.
4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.
5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.
6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.
7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.
9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.
10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.
11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.
12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.
13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.
14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.

Компьютерге тәуелділіктің симптомдары

 

Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген:

  1. Интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру;
  2. Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру);
  3. Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);
  4. Жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру;
  5. Интернетте отыруды әдетке айналдыру;
  6. Интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы;
  7. Көп рет интернет пайдалануды қоямын деп қоя алмау;

8.       Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

  1. Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;
  2. Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;
  3. Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;
  4. Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.

13.    Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:

  1. Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі;
  2. Шынайы өмірден алшақтап кету;
  3. Іс-әректі мен мінезінің құбылуы;
  4. Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары);

 

Әлеуметтік желілер

 

Ғаламтор мен ұялы телефондағы агенттің бала психикасына әсері
Бүгінде «maіl. ru» қызметіне жүгінбейтін адам аз. Әсіресе жастар арасында «агентшілердің» қатары күн санап көбейіп келеді. «Maіl. ru» компаниясының деректеріне жүгінсек, «м - агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан аса адам қосылады екен. Компьютерді былай қойып, енді қалта телефонына еніп алған бұл байланыс желісінің тиімділігі айтпаса да түсінікті. Бірақ оның зияны жоқ деп айта аламыз ба? «Агентте» сағаттап отыратын адамдардың денсаулығында қандай өзгерістер болуы мүмкін?
* Интернет - тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық – эмоционалды «наркоманияға» жатқызады
* Психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10 - 14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез – келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс - әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс - әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.

 

Қорытынды:

  • Ғылыми жұмысымды қорытындыласам,компьютермен жұмыс істей алатын адамға оның пайдасы зор,компьютердің көмегімен барлық қиын жұмыс жасалады,мысал келтірсек:қиын есептер шығарылады,электрондық пошта,газеттердің дизайн және беттеуі орындалады, және т.б.Зияны:адамның денсаулығына (көзіне,жүйке жүйесіне) зиян келтіреді.Қорытынды:

 

Конструктор сайтовuCoz